Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек дзюдошысы жүлде алған сәтте қатты қуанған туыстары көпті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Давлат Бобонов
Давлат Бобонов. Фото: olympic.uz

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өзбекстандық дзюдошы Давлат Бобонов қола медаль жеңіп алды.

Спортшының жеңіске жеткен сәтін теледидардан көрген отбасы мүшелері қуаныштарын жасыра алмаған. Әсерлі сәттің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі ZTB QAZAQSTAN парақшасында жарияланған.

90 келі салмақ дәрежесіндегі дзюдошы Давлат Бобоновтың Түркия өкілі Михаэль Зганкпен өткізетін жекпе-жегін бүкіл өзбекстандықтар мен жақындары күткен. Олардың үміті ақталып, спортшы қола медальді еншіледі.

Айта кетейік, Давлат Бобонов 1997 жылы өмірге келген. Ол 2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері, биылғы Азия чемпионы.

Өзбекстан құрамасы Токио-2020 ойындарында 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алып, 31-орында тұр.

Еске сала кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасының үш қола жүлдесі бар. Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло жеңіп алды. Осылайша, еліміз Олимпиада кестесінде 57 орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1924774-ozbek-dzyudosysy-zulde-algan-satte-qatty-quangan-tuystary-kopti-suisintti-video/

pixel