Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан туын алып шыққан Ольга Рыпакова Олимпиада финалына өте алмады

Опубликовано:

Ольга Рыпакова
Ольга Рыпакова. Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Бүгін, 30 шілдеде Токиода Олимпиада ойындары аясында жеңіл атлетикадан жарыстар басталды. Үш қарғып секіруден алғаш болып Қазақстан құрамасының өкілдері өнер көрсетті деп хабарлайды Olympic.kz.

Олардың арасында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бар.

Қатысушыларға үш әрекетті орындауға тура келгенін айта кеткен жөн. 12 секіруші финалға жолдама аллды. Ол үшін 14.40 метрді еңсеру қажет болды. Егер бұл нәтиже бәріне сәйкес келмесе, ұзындыққа секіруден озған спортшылар шешуші кезеңге өту мүмкіндігіне ие болады.

Рыпакованың үздік көрсеткіші 13,69 метрге тең болды. Алайда бұл ақтық кезеңге өту үшін жеткіліксіз болды.

Сондай-ақ, іріктеу кезеңінде Мария Овчинникова мен Ирина Эктова өнер көрсетті. Олар жарыстың бастапқы айналымынан өте алмады, сәйкесінше 26 және 31 орындарды иеленді.

Еске сала кетейік, Қазақстан туын ұстаушылар ретінде үш Олимпиаданың қатысушысы, жеңімпазы әрі жүлдегері, жеңіл атлет Ольга Рыпакова және бокстан әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Қамшыбек Коңқабаев таңдалған болатын.

Ольга Рыпакова үшін бұл оның мансабындағы төртінші Олимпиада болмақ. Ол үш қарғып секіруден 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында күміс, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтын, 2016 жылы Риода қола медальді жеңіп алған еді.

Сондай-ақ, Ольганың қоржынында Универсиада алтыны, Азия ойындарының алты алтын медалі, әлем чемпионы атағы және 2010 жылғы континентальды кубогы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924807-qazaqstannyn-tuyn-alyp-syqqan-olga-rypakova-olimpiadanyn-finalyna-ote-almady/

pixel