Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: 31 шілдеде екі бірдей боксшымыз рингке шығады, Рыбакина қолаға таласады

Опубликовано:

Елена қыз74
Елена Рыбакина.Фото: instagram.com/lenarybakina

31 шілдеде қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында спорттың төрт түрінен сынға түседі деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен 31 шілдеде теннисші Елена Рыбакина жарыс жолына шығады. Ол қола медальға таласатын болады. Егер Рыбакина жеңіске жетсе, бұл Қазақстан үшін тарихи жеңіс болмақ.

Себебі бұған дейін ешбір қазақстандық теннисші Олимпиададан жүлдемен оралмаған.

Сонымен қатар, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин 1/8 финалда өнер көрсетеді.

31 шілдедегі жарыс кестесі, басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен.

Су добы. Ерлер. Топтық кезең

7:00. Қазақстан - Черногория

Садақ ату. Ерлер, жекелей сын. 1/8 финал

7:35. Ильфат Абдуллин - Ли Цзялунь (Қытай)

Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Қола медаль үшін матч

13:30. Елена Рыбакина - Элина Свитолина (Украина)

Бокс. Ерлер, 1/8 финал

14:48. 52 келі. Сәкен Бибосынов - Билал Беннам (Франция)

15:36. 63 келі. Зәкір Сафиуллин - Дайсуке Нариматсу (Жапония).

Айта кетейік, қазір ел қоржынында үш қола медаль бар. Олардың бірі дзюдошы Елдос Сметовке тиесілі болса, екеуін ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло иеленді.

Ал жалпы командалық есепте Қазақстан сегізінші сайыс күннің қортындысы бойынша 59-орында тұр. Үздік үштікте - Қытай, Жапония және АҚШ.

Көш бастап тұрған Қытай құрамасының қоржынында 19 алтын, 10 күміс, 11 қола барлығы 40 медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924838-tokio-2020-31-sildede-eki-birdei-bokssymyz-ringke-sygady-rybakina-qolga-talasady/

pixel