Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Фото: 24.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токиодағы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов Олимпиаданың 1/8 финалында 2019 жылы өткен әлем чемпионатының қола жүлдегерін тізе бүктірді. Отандасымыз франциялық Билал Беннамды төрешілердің бірегей шешімімен (29:28, 29:28, 29:28, 29:28, 29:28) жеңіп кетті.

Бибосынов бұған дейін турнирдің 1/16 финалында пуэрторикалық Энкиэль Ривера Фигуеромен болған жекпе-жекті де жеңіспен аяқтады.

Қазақстандық спортшы енді жарытлай финалға жолдама алу үшін 2019 жылдың Еуропа чемпионымен бақ сынасатын болады. Ол испаниялық Габриэль Маскунано Эскобармен жұдырықтасады.

Жекпе-жек 3 тамыз күні жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924891-bokssy-saken-bibosynov-tokio-olimpiadasynyn-sirek-finalyna-syqty/

pixel