Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сафиуллин жекпе-жексіз Олимпиаданың ширек финалына шықты

Опубликовано:

Закир Сафиуллин
Фото: Photo by Luis Robayo - Pool/Getty Images

Қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Отандасымыз келесі кезеңге жекпе-жексіз өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

63 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп жүрген Закир Сафиуллин бүгін жапониялық боксшы Дайсукэ Наримацумен кездесу керек болған. Алайда, қарсыласы жарақат алып қалуына байланысты рингке шыққан жоқ.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы автоматты түрде ширек финалға шықты. Онда ол аустралиялық Гари Гарсайдпен кездеседі. Аталмыш жекпе-жек 3 тамызда өтеді.

Сафиуллин бұған дейін 1/16 финалында Перу спортшысы Леодан Пезо Сабойяны жеңіп кеткен еді.

Еске сала кетейік, Токиодағы Олимпиаданың ширек финалына Сәкен Бибосынов ( 52 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және Қамшыбек Құнқабаев (91 келіден жоғары) сынды боксшыларымыз өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924898-safiullin-zekpe-zeksiz-olimpiadanyn-sirek-finalyna-syqty/

pixel