RU

Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола медалінен қағылды

Елена Рыбакина
Фото: Сали Сабитров, Қазақстан ҰОК

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасына қола жүлдесі үшін өткен матчта жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Рыбакина кіші финалда әлемнің 6-шы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнаған болатын. 

Тартысты матчтың бірінші кезеңін 6:1 есебімен Рыбакина өз еншісіне жазды. Екінші сетте ойын тай-брейкке дейін жалғасып, қазақстандық спортшы 6:7 есебімен тізе бүкті.

Үшінші сетте Елена Рыбакина 4:1 есебімен алда тұрып, нәтижесінде 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Осылайша, Елена Рыбакина қола жүлдеге қол жеткізе алмады. Десе де, Қазақстан теннисінің тарихында алғаш рет Олимпиадада төртінші орын иеленіп отыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1924906-tennissi-elena-rybakina-tokio-olimpiadasynyn-qola-medalinen-qagyldy/