Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасы: Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды

Опубликовано:

Эльмира Сыздықова - Айпері Медетқызы
Эльмира Сыздықова - Айпері Медетқызы. Фото: olympic.kz

Токио Олимпиадасында күрес түрлерінен бәсеке басталды деп хабарлайды Olympic.kz.

76 келі салмақ дәрежесінде әйелдер арасынан Эльмира Сыздықова бозкілемге шықты. Алғашқы айналымда оның қарсыласы қырғызстандық Айпері Медетқызы болды. Кездесу 8:1 есебімен қырғызстандық спортшының еншісіне шешілді.

Қырғызстандық Айпері Медетқызы финалға шыққан жағдайда Қазақстан спортшысы Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Айта кетерлігі, жарыстың бірінші күні кілемге грек-рим күресінің балуандары да белдесті. Ерлер арасында 60 келіде Мейрамбек Айнағұлов шығып, қарсыласынан жеңіліп қалды. Ол да қырғыз спортшысына есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1924932-tokio-olimpiadasy-elmira-syzdyqova-algasqy-beldesuinde-zenilip-qaldy/

pixel