Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Қазақ балуаны қырғыз спортшысынан бір минутта ойсырай ұтылды

Опубликовано:

Мейрамбек Айнағұлов
Жоламан Шаршенбеков - Мейрамбек Айнағұлов. Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Токиода Олимпиада ойындары аясында күрес түрлерінен 1/8 финалы өтіп жатыр. 60 келіде белдескен қазақстандық балуан Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласына жол берді деп хабарлайды Olympic.kz.

Балуан Мейрамбек қырғызстандық Жоламан Шаршенбековтен жеңілді. Белдесуді 8:0 есебімен айқын басымдықпен аяқтаған қырғызстандық балуан келесі айналымға өтті. Онда ол 2019 жылы Еуропа чемпионы болған молдовалық Виктор Чобанумен кездеседі.

Айта кетерлігі, Қырғызстан балуаны Шаршенбеков финалға шыққан жағдайда Мейрамбек Айнағұлов жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады. 

Еске сала кетейік, күрес түрінен Қазақстан атынан өнер көрсеткен спортшы Эльмира Сыздықова үшін де Олимпиада аяқталды. Ол да алғашқы қарсыласынан жеңіліп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1924934-tokio-2020-qazaq-baluany-qyrgyz-sportsysynan-bir-minutta-oisyrai-utyldy/

pixel