RU

Токио-2020: Қазақстандық гимнаст Милад Карими үздік бестікке енді

olympic.kz
Фото: olympic.kz

Токио Олимпадасында спорттық гимнастикадан жекелеген снарядтар бойынша финалдық кезең басталды. Бүгін еркін жаттығудан Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды деп жазады Olympic.kz. 

Бұл жаттығудың финалдық кезеңінде қазақстандық Милад Карими де сынға түскен болатын. Карими өз бағдарламасын орындау барысында кішігірім қателіктер жіберіп, 14.133 ұпай жинады. 

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық гимнаст бесінші орынға тұрақтады.

Еркін жаттығудан Олимпиада чемпионы атағын израильдік Артем Долгопять еншіледі. Күміс жүлдені испаниялық Рэйдерлей Запата, қоланы қытайлық Сяо Рутенг иеленді. 

Айта кетелік, бұл спорттық гимнастикдан Қазақстан командасы өкілдерінің Олимпиада ойындарында көрсетіп отырған ең үлкен нәтижелерінің бірі. Әсіресе, Милад Карими еркін жаттығудан Олимпиадада үздік бестікке енген алғашқы қазақстандық гимнаст. э

Ол Токио Олимпиадасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға тұрақтады. Енді Карими гимнастикалық керме бойынша Олимпиада жүлдесіне таласады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1924951-tokio-2020-qazaqstandyq-gimnast-milad-karimi-uzdik-bestikke-endi/