Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анамның еңбегі": Олимпиада чемпионы тізе бүгіп, алтын медалін әкесіне берді

Опубликовано:

Спортшы
Кадр: Facebook / TheNationThailand

Тай спортшысы Панипак Вонгпаттанакит Токио Олимпиадасында Таиланд қоржынына алғашқы алтынды салып, жеңісін әкесіне арнады деп хабарлайды The Nation Thailand Facebook парақшасында.

Панипак Вонгпаттанакит таэквондодан алтын жүлде алған Таиландтың алғашқы өкілі атанып отыр.

Ол таэквондодан әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақ дәржесінде сынға түсіп, финалдаиспаниялық спортшы Адриану Керезо Иглесиасті жеңді.

Кейін туған жеріне оралған бойжеткен жеңіп алған медалін әкесіне табыстап, алғыс білдіру үшін оның алдында тізе бүкті.

Спортшы бұл жеңіске ата-анасының еңбегі мен махаббаты арқасында жетіп отырғанын алға тартып, әкесіне осылайша құрмет көрсетуді жөн санаған.

23 жастағы Панипак Вонгпаттанакит Таиланд үшін Олимпиада тарихындағы 10-шы медальді жеңіп алды.

Еске салсақ, бұған дейін Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындары кезінде тағы бір қызықты жайт орын алғанын жазған едік.

Семсерлесуден 1/16 айналымда жеңіліс тапқан аргентиналық спортшы Мария Белен Перес Мориске жаттықтырушысы әрі сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

Сонымен қатар, өзбек дзюдошысы Давлат Бобонов жүлде алған сәтте қатты қуанған туыстарының видеосы желіде тарап кеткенін жазған болатынбыз.

Өзбекстандық дзюдошы қола медаль жеңіп алды. Ол қола жүлде үшін таласта Түркия өкілі Михаэль Зганкты жеңді.

Одан бөлек, франциялық боксшы Олимпиадада наразылық білдіріп, бір сағат бойы рингтен кетпей қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924989-ata-anamnyn-enbegi-olimpiada-cempiony-tize-bugip-altyn-medalin-akesine-berdi-video/

pixel