Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай намысын қорғаған қазақ балуаны күрестен Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Уәлихан Серіков
Уәлихан Серіков: flowwrestling.org

Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен сынға түскен этникалық қазақ Уәлихан Серіков қола жүлде жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Уәлихан Серіков қола жүлде үшін өткен белдесуде танымал украиналық балуан Ленур Тимуровпен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Алайда, соңғы ұпайды қандасымыз иеленгендіктен, жарыс ережесі бойынша Уәлихан жеңімпаз деп танылды.

Токио Олимпиадасында Уәлихан Германия мен Алжир балуандарын жеңіп, жапониялық спортшы, болашақ күміс жүлдегер Фумита Кеничиродан ұтылған.

Бір қызығы, әлемге танылған Фумитамен ол тең түсіп, тек соңғы ұпайды қарсыласы иеленгендіктен ғана жеңілген.

Ал бұл салмақта Қазақстан намысын қорғаған Мейрамбек Айнағұлов бірінші белдесуінде қырғыз балуаны Жоламан Шаршенбековтен бір минутта таза ұтылды.

Сондай-ақ, бүгін бозкілемге шыққан 77 келі салмақтағы Демеу Жадыраев жапониялық қарсыласына 3:5 есебімен жол беріп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Кеше әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова да (76 келі) қырғыз балуанына есе жіберіп, Олимпиаданы жүлдесіз тәмамдаған болатын.

Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында үш қола бар. Дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло Токио ойындарында үздік үштік қатарына енген болатын.

Ал бокстан Қазақстан командасының бес мүшесі турнирден жүлдесіз қалып, жарыс жолынан шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925144-qytai-namysyn-qorgagan-qazaq-baluany-kuresten-tokio-olimpiadasynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel