Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадада коронавирус жұқтырғандар арасында қазақстандықтар бар ма

Опубликовано:

Қазақстан спортшылары
Фото: Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасында коронавирус оқиғалары тіркелді ме? Сұраққа Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің спортшылар арасында коронавирус ауруы тіркелген жоқ. Біз барлық санитарлық нормаларды сақтадық. Олимпиада басталар алдында үш күн бойы барлық спортшылар мен делегация мүшелері карантинге оқшауланды. Бәрі жақсы өтіп жатыр. Біздің спортшылардың ешқайсысы ауырған жоқ", - деп жауап берді Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Жалпы, Олимпиада басталғаннан бері жарысқа қатысушы немесе оны ұйымдастырушылар арасында коронавирус жұқтырудың 246 жағдайы анықталған.

"Олимпиадада COVID-19 жұқтыру фактілері әлі де тіркелуде. Токиода соңғы тәулікте 21 адам коронавирусқа шалдықты. Олардың арасында жазғы Олимпиада ойындарына қатысушылардың жоқтығы қуантады. Олимпиада басталғаннан бері жарысқа қатысушы немесе оны ұйымдастырушылар арасында коронавирус жұқтырудың 246 жағдайы анықталды", - делінген Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін 3 тамызда Токио төрінде ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі шыққанын жазған едік.

Ертең біздің олимпиадашылар спорттың алты түрінен сайысқа түседі. Олардың қатарында қазақстандықтар үміт күтіп отырған боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1925181-olimpiadada-koronavirus-zuqtyrgandar-arasynda-qazaqstandyqtar-bar-ma/

pixel