Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грек-рим күресі: Қазақстандық Тұрсынов алғашқы айналымда жеңіліс тапты

Опубликовано:

Күрес
Фото: olympic.kz

Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен үшінші жарыс күні басталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін 87 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар белдесуде.

Аталған салмақ бойынша Қазақстан сапынан Нұрсұлтан Тұрсынов кілемге шықты. Оның алғашқы қарсыласы германиялық Денис Кудла болды. Екеуара кездесу 4:1 есебімен отандасымыздың қарсыласының еншісіне шешілді.

Еске сала кетейік, грек-рим күресінен қазақстандық спортшы Демеу Жадыраев Токиодағы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына өте алмаған еді.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жадыраев 1/8 финалда жапониялық Якибу Сохейге 3:5 есебімен есе жіберді. Енді жартылай финалға жолдама алған жапон спортшысы 2019 жылғы әлем чемпионы венгриялық Тамаш Лориншпен күреседі. Айта кетейік, Якибу Сохей финалға шыққан жағдайда Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Айта кеткен жөн, Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен сынға түскен этникалық қазақ Уәлихан Серіков қола жүлде жеңіп алды.

Уәлихан Серіков қола жүлде үшін өткен белдесуде танымал украиналық балуан Ленур Тимуровпен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Алайда, соңғы ұпайды қандасымыз иеленгендіктен, жарыс ережесі бойынша Уәлихан жеңімпаз деп танылды.

Оған қоса, бүгін біздің олимпиадашылар спорттың алты түрінен сайысқа түседі. Олардың қатарында қазақстандықтар үміт күтіп отырған боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925224-grek-rim-kuresi-qazaqstandyq-tursynov-algasqy-ainalymda-zenilis-tapty/

pixel