Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Еуропадан көмек сұраған Беларусь спортшысының үйіне арнайы жасақ жіберілді

Опубликовано:

Кристина Тимановская
Кристина Тимановская. Фото: instagram.com/kristi_timanovskaya

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Беларусь жеңіл атлеті Кристина Тимановскаяның ата-анасына күштік құрылымдар жіберілген.

Беларусь спорттық ынтымақтастық қорының хабарламасына сүйенсек, Кристина Тимановскаяның Климовичи қаласында тұратын ата-анасына күштік құрылымдар кеткен.

Бұған дейін жеңіл атлет өзін Олимпиада кезінде Жапониядан күштеп шығармақ болған соң Еуропадан көмек сұраған болатын деп жазады Чемпионат.

Ал Тимановскаяға Польша елшілігі күзет берген. Оның Жапониядан күштеп шығарылуына байланысты Біріккен ұлттар ұйымы да қарсы екенін хабарлады.

Одан бөлек, беларуссиялық жеңіл атлетке АҚШ-та қолдау көрсетті. Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Беларусь режимі мен Тимановскаяны еркінен тыс шығарып тастамақ болған әрекеттерін сынап тастаған деп хабарлайды Fox News.

"Мұндай іс-әрекеттер олимпиада рухын бұзады, негізі құқықтарға қолсұғушылық және бұған жол беруге болмайды", - деді Блинкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1925274-baq-europadan-komek-suragan-belarus-sportsysynyn-uiine-arnaiy-zasaq-ziberildi/

pixel