Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарсыласын нокдаунға жіберген Сәкен Бибосынов Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Боксеры Сакен Бибосынов и Габриэль Эскобар
Сакен Бибосынов. Фото: Luis Robayo - Pool/Getty Images

Қазақстан командасының тағы бір өкілі бокстан Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов ширек финалда испаниялық Габриэль Эскобармен кездесті.

Аса тартысты өткен жекпе-жектің бірінші кезеңінде Сәкен, екінші кезеңінде Габриэль жеңіске жетті.

Ал үшінші раундта төрешілер Бибосыновтың басымдығын ескеріп, қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті.

Осылайша, Сәкен Токио Олимпиадасының жартылай финалына өтті. Ол кем дегенде қола жүлдегерлер қатарына еніп отыр.

5 тамыз күні өтетін жартылай финалдық жекпе-жекте Сәкен Бибосынов ұлыбританиялық Жамал Яфаимен кездеседі.

Айта кетелік, Бибосынов Қазақстан сапынан жартылай финалға өткен екінші боксшы. Бұған дейін Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама алған болатын.

Одан бөлек, бүгін 63 келідегі Зәкір Сафиуллин шаршы алаңға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1925324-qarsylasyn-nokdaunga-zibergen-saken-bibosynov-olimpiadanyn-zartylai-finalyna-syqty/

pixel