Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бапкерім намысымды оятты": Сәкен Бибосынов ширек финалдағы жеңісі туралы айтты

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Бокстан Токио Олимпиадасының жартылай финалына өткен Сәкен Бибосынов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жегін қорытындылады.

"Жекпе-жек ауыр өтті. Бірінші раундта басымдық танытқаныммен, екінші раундта қателік жібердім. Бойымның ұзындығына қарамастан, қарсыласымды өзіме жақындатып алдым. Негізі, қарсыласым лас жұдырықтасады екен.

Екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятып, келесі кезеңге жақсы тактика қойып берді. Сол кісінің айтқандарын түгел орындадым. Енді алдағы қарсыласым да оңай емес. Ұлыбританиялық боксшымен спаррингтік кездесулер өткізгем, бірақ әлі ресми түрде кездеспегенмін. Жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз", - деді Бибосынов. 

52 келідегі жартылай финалдық жекпе-жек 5 тамыз күні өтеді. Отандасымыз ұлыбританиялық Жамал Яфаимен жұдырық түйістіреді.

Еске сала кетсек, Сәкен Бибосынов ширек финалда испаниялық Габриэль Эскобармен кездесті. Аса тартысты өткен жекпе-жектің бірінші кезеңінде Сәкен, екінші кезеңінде Габриэль жеңіске жетті.

Ал үшінші раундта төрешілер Бибосыновтың басымдығын ескеріп, қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті.

Осылайша, Сәкен Токио Олимпиадасының жартылай финалына өтті. Ол кем дегенде қола жүлдегерлер қатарына еніп отыр.

Одан бөлек, бүгін 63 келідегі Зәкір Сафиуллин шаршы алаңға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1925331-bapkerim-namysymdy-oyatty-saken-bibosynov-sirek-finaldagy-zenisi-turaly-aitty/

pixel