Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Гимнаст Милад Карими жүлдегерлер қатарынан көріне алмады

Опубликовано:

Милад Карими
Милад Карими. Фото: olympickz / Тұрар Қазаңғапов

Спорттық гимнастикадан кермеде жатығу жасау бойынша финалда сайысқа түскен қазақстандық Милад Карими жүлдеге іліне алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандасымыз 11,266 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты.

Алтын медаль 15,066 ұпай жинаған жапониялық Дайки Хашимотоға бұйырды. Күміс медальді 14,900 ұпаймен хорватиялық Тину Србичу алды.

Олимпиаданың қола жүлдесі 14,533 ұпай жинаған ресейлік Никита Нагорный иеленді.

Айта кетейік, бүгін Токиода бірнеше отандасымыз жарыс жолына шықты.

Грек-рим күресінен 87 келі салмақ дәрежесінде бозкілемге шыққан Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы қарсыласы германиялық Денис Кудладан 1:4 есебімен жеңілді.

Сондай-ақ, 63 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Зәкір Сафиуллин австралиялық қарсыласы Гарри Гарсайдтан 2:3 есебімен жеңілді.

52 келіге дейіні салмақ дәрежесінде сынға түскен Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты. Ол ширек финалда Габриэль Эскобармен кездесіп, 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті.

Бибосынов Қазақстан құрамасынан жартылай финалға жолдама алған екінші боксшы. Бұған дейін 91 келіден жоғары салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевта 1/2 финалға өткен еді.

Осылайша, қос қазақстандық кем дегенде Олимпиаданың қола жүлдесін иемденіп отыр. Әзірге ел қоржынында Олимпиаданың үш қола медалі бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншало иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1925352-tokio-2020-gimnast-milad-karimi-finalda-zuldegerler-qatarynan-korine-almady/

pixel