Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грек-рим күресінен бас бапкер Олимпиададағы спортшылардың жеңілісі үшін кешірім сұрады

Опубликовано:

Бапкер
Фото: Olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Токио Олимпиадасындағы спортшылардың сәтсіз өнері үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады деп хабарлайды Қазақпарат.

"Мен мұндай ойын үшін барша Қазақстандағы жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Шынымды айтсам, менің өзіме де өте ыңғайсыз болды. Екі жыл бұрын ғана команданы басқаруға келдім. Биыл Азия чемпионатында төрт финалист шыққан еді. Бірақ бұл спорт. Бәрі болады. Тағы да кешірім сұраймын. Мүмкін маған аздаған уақыт жетпеген шығар", - дейді ол.

Айта кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан командасы қатарынан екінші Олимпиадада жүлдесіз қалды. Токио Олимпиадасына үш балуан аттанған еді. Өкінішке қарай, үш спортшы да бірінші айналымнан аса алмай, жарысты аяқтады.

Осы орайда, еліміздегі грек-рим күресінің белді өкілдері аталған спорт түріне жүйелі өзгеріс керектігін айтып, жанайқайын жеткізді.

Тәжірибелі балуан, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Алмат Кебіспаевтың айтуынша, командаға жастарды, жас бапкерлерді тарту керек.

"Соңғы кезде көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінде, Грузияда грек-рим күресінің қарқыны жедел өсіп кетті. Бұл елдің балуандары әлемнің үздіктері қатарында. Бұған не себеп? Меніңше, аталған елдерде жастарға көп сенім артып жатыр. Бізге жас мамандар керек. Менімен қатар балуандар қазір бапкерлік тізгінді алып жүр. Жастарға мүмкіндік беру керек", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925376-grek-rim-kuresinen-bas-bapker-olimpiadadagy-sportsylardyn-oiyny-usin-kesirim-surady/

pixel