Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркін күрес: Нұрислам Санаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

Опубликовано:

Санаев11
Фото: prosports.kz

Бүгін еркін күрестен бозкілемге шыққан қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

57 келгі дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын Нұрислам Санаев 1/8 финалда Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиномен кездесіп, 7:0 есебімен жеңіске жетті.

Отандасымыз ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен кездеседі.

Айта кетейік, бұған грек-рим күресінен жарыстар өз мәресіне жетіп, Олимпиада жүлдегерлері анықталған болатын. Қазақстан командасы бұл спорт түрінен қатарынан екінші Олимпиадада жүлдесіз қалды. Токио Олимпиадасына үш балуан аттанған еді. Өкінішке қарай, үш спортшы да бірінші айналымнан аса алмай, жарысты аяқтады.

Осыдан кейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Токио Олимпиадасындағы спортшылардың сәтсіз өнері үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Ал грек-рим күресінің белді өкілдері аталған спорт түріне жүйелі өзгеріс керектігін айтады.

Тәжірибелі балуан, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Алмат Кебіспаевтың айтуынша, командаға жастарды, жас бапкерлерді тарту керек.

"Соңғы кезде көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінде, Грузияда грек-рим күресінің қарқыны жедел өсіп кетті. Бұл елдің балуандары әлемнің үздіктері қатарында. Бұған не себеп? Меніңше, аталған елдерде жастарға көп сенім артып жатыр. Бізге жас мамандар керек. Менімен қатар балуандар қазір бапкерлік тізгінді алып жүр. Жастарға мүмкіндік беру керек", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925415-erkin-kures/

pixel