Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдегер атанды

Опубликовано:

Қамышбек
Қамышбек Қоңқабаев пен Ричард Торрез жекпе-жегі. Фото: olympickz, Жеңіс Ысқабай

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандасымыз финалға берілетін жолдама үшін америкалық боксшы Ричард Торрезбен жұдырықтасты.

Аса тартысты өткен жекпе-жектің бірінші раундында америкалық былғары қолғап шеберінің басымдығы байқалды.

Екінші раундта Қамшыбек Қоңқабаев алға ұмтылып, қарсыласына біраз соққы дарытты. Алайда соңғы сәтте өзі нокдаун алып қалды.

Үшінші раундта Қамшыбектің жарақат алып қалуына байланысты кездесу тоқтатылды. Жеңіс Ричард Торрезге берілді.

Осылайша, аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, енді Токиоға аттанған боксшыларымыздың ішінде Сәкен Бибосынов финалға берілетін жолдама үшін жарыс жолына шығады.

3 тамызда былғары қолғап шебері ширек финалда испаниялық Габриэль Эскобармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Кейін Сәкен Бибосынов жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, екінші раундтан соң бапкерінің айтқан сөздері намысын оятқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1925475-qamsybek-qonqabev-finalga-ote-almady/

pixel