Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илья Ильиннің жеке бапкері жаттықтырған өзбек спортшысы Токиода алтын медаль алды

Опубликовано:

Ержас Болтаев
Ержас Болтаев. Фото: sports.kz

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өзбекстандық Акбар Джураев ауыр атлетикадан алтын медаль жеңіп алды. Ол ауыр атлет Илья Ильиннің жеке жаттықтырушысы болған Ержас Болтаевтың шәкірті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Джураев финалда жұлқа көтеруде 193 келіні, серпе көтеруде 237 келіні бағындырған. Жалпы 430 келі бағындырған ол Олимпиадада жаңа рекордын орнатып, "алтын" алды.

Өзбекстандық зілтеміршіні алғашқылардың бірі болып Илья Ильин Instagram парақшасында құттықтады.

"Акбар, жарайсың! Финалда 100 пайыз барын салды. Өзбекстан құрамасын кезекті жеңісімен құттықтаймын! Өзімнің бапкерім Ержас Болтаев үшін қуаныштымын, құрметтеймін!", - деп жазды ол.

Акбар Джураев
Акбар Джураев. Фото: olympic.uz

Sports.kz жазуынша, биыл жыл басында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері әрі Илья Ильиннің жеке жаттықтырушысы Ержас Болтаевтың өзбекстандық спортшылардың дайындығына көмектескені белгілі болды.

Әзірге Өзбекстанда Токио Олимпиадасының үш медалі бар. Оның екеуі алтын болса, біреуі қола. Осылайша, көршілес ел жалпы командалық есепте 28-орында тұр.

Ал Қазақстан қоржынында төрт қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев иеленіп отыр. Осылайша, жалпы командалық есепте 75-орында тұр.

Еске сала кетсек, өзбек дзюдошысы Токиода қола жүлде алған сәтте қатты қуанған туыстары көпті сүйсінткенін жазған едік.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода спортшының жеңіске жеткен сәтін теледидардан көрген отбасы мүшелері қуаныштарын жасыра алмағаны көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1925489-ilya-ilinnin-zeke-bapkeri-zattyqtyrgan-ozbek-sportsysy-tokioda-altyn-medal-aldy/

pixel