Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір Беларусь спортшысы өз еліне қайтудан бас тартты

Опубликовано:

Яна Максимова
Яна Максимова. Фото: instagram.com/_maksimava_yana

Кристина Тимановскаядан кейін тағы бір Беларусь спортшысы еліне оралудан бас тартты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Жеңіл атлет Яна Максимова да туған жері Беларуське қайтудан бас тартты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында хабарлады.

32 жастағы Максимова күйеуі Андрей Кравченкомен бірге Германияда тұратыны белгілі. Жеңіл атлет туған жеріндегі саяси жағдай туралы айтып, онда "тек бостандығыңнан ғана емес, өміріңнен де айырылуың мүмкін" деген мәлімдеме жасады.

"Мұнда терең тыныстап, өз адамдарыңның, достарыңның, туыстарың мен жақындарыңның бостандығы үшін күресушілердің бірі болуға мүміндік бар. Біз міндетті түрде жеңеміз", - деді Германиядағы өмірі туралы айтқан Максимова.

Еске сала кетсек, бұған дейін жеңіл атлет Кристина Тимановская өзін Олимпиада кезінде Жапониядан күштеп шығармақ болған соң Еуропадан көмек сұраған болатын.

Тимановскаяға Польша елшілігі күзет берген. Оның Жапониядан күштеп шығарылуына байланысты Біріккен ұлттар ұйымы да қарсы екенін хабарлады.

Сондай-ақ БАҚ беттерінде оның Беларусьтегі Климовичи қаласында тұратын ата-анасына арнайы жасақ жіберілгені туралы ақпарат жарық көрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1925502-tagy-bir-belarus-sportsysy-oz-eline-qaitudan-bas-tartty/

pixel