Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Олимпиада трансляциясы үшін қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды

Опубликовано:

Камера
Көрнекі фото: Michael Kappeler/picture alliance via Getty Images

Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қанша ақша жұмсалғанын айтты. Министрліктің жауабын мәжілісмен Азат Перуашев өзінің Telegram каналында жариялады.

АҚДМ мәліметінше, 2018 жылы Олимпиада ойындары трансляциясының авторлық құқық иесі Токиодағы және 2022 жылғы Олимпиада ойындарын Қазақстанда техникалық шығындарды қоспағанда, трансляциялау құқығын 15 миллион долларға сатып алу туралы ұсыныс жасаған.

Министрліктің мәліметінше, 2016-2018 жылдары техникалық шығындарды ескере отырып, Олимпиаданы трансляциялау құқығын сатып алу үшін 5,1 миллион доллар жұмсалған.

Биыл ақпан айында "Қазақстан" РТРК" АҚ мен "Хабар" агенттігі" АҚ құқық иеленушілерге Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары мен Пекиндегі қысқы Олимпиада ойындарын трансляциялау бойынша баға ұсыныстарын беруді, сондай-ақ өткен кезең деңгейіндегі сомаға келісім жасасу мүмкіндігін қарастыруды сұрап, хат жолдаған.

Ведомствоның хабарлауынша, компаниялар хатты жауапсыз қалдырған.

АҚДМ, мемлекеттік органдар мен телеарналар келіссөздерді жалғастырған. Олимпиада басталардан бір күн бұрын құқық иеленушілер бағаны төмендетуге келіскен.

"2021 жылдың 23 шілдесінде Токиода (Жапония) өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындары мен Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының лицензиялық трансляциялау құқығын техникалық шығындарды ескере отырып, 6,250 млн АҚШ долларына сатып алу туралы келісімге қол жеткізілді", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, АҚДМ трансляциялау кеззіндегі техникалық проблемаларды түсіндірді.

"Құқық иелері тікелей эфир үшін техникалық тракті жүргізуге мүмкіндік беретін тиісті техникалық талаптарды беруден бас тартты. Трансляция тест режимінде бұрын тексерілмегендіктен, спутниктік сигналдардың жиілігі мен форматы сай келмеді. Кеш қосылуға және техникалық себептерге байланысты отандық спортшы Елдос Сметовтің жекпе-жегі онлайн режимде көрсетілмеді. Көрсетілімді "Хабар" телеарнасының эфирінен беру жоспарланған еді", - деді ведомство.

24 шілде күні кешке барлық техникалық проблема ретке келтірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1925542-qazaqstan-olimpiada-translyaciyasy-usin-qansa-qarzy-zumsagany-belgili-boldy/

pixel