Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңісті жұлып алды": Данияр Қайсанов Олимпиаданың жартылай финалында бақ сынайды

Опубликовано:

Данияр Қайсанов
Данияр Қайсанов: olympic.kz, Сали Сабиров

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 74 келі салмақтағы ширек финалдық белдесулер аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Данияр Қайсанов сынға түсуде. Данияр ширек финалдық белдесуде египеттік Амир Реда Хусейнмен кездесіп, 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Белдесу барысында қазақстандық балуан қарсыласынан ұтылып жатып, кездесу аяқталуына санаулы минут қалғанда жеңісті жұлып алды.

Енді жартылай финалда Данияр Қайсанов ресейлік спортшы, екі дүркін әлем чемпионы Заурбек Сидаковпен кездеседі.

Айта кетелік, Данияр Қайсанов 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия біріншілігінің екі дүркін чемпионы.

Бүгін кілемге шыққан тағы бір қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев (125 келі) қарсыласын 10.2 есебімен ұтып жатып, соңғы секундтарда таза жеңілді.

Сондай-ақ, әйелдер күресіндегі Татьяна Аманжол польшалық қарсыласынан ұтылды.

Жартылай финалдық бәсеке Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады. Одан бөлек, бүгін еркін күрес шебері Нұрислам Санаев (57 келі) Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1925647-zenisti-zulyp-aldy-daniyar-qaisanov-olimpiadanyn-zartylai-finalynda-baq-synaidy/

pixel