RU

Токио-2020: Каратэші Дархан Асаділовтың жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

Дархан Асадилов
Фото: olympic.kz

Каратэден 67 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасының жартылай финалдық жұптары анықталды. Бұл салмақта ақтық мәреге шығу үшін Дархан Асаділов кездесу өткізеді деп хабарлайды Olympic.kz

"А" тобында сынға түсіп, барлық қарсыластарынан басым түскен Дархан Асаділов өз тобында бірінші алды. 

Жартылай финалда Дархан "В" тобының көшбасшысы, франциялық Стивен да Костамен кездеседі. 

Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады. 

Айта кетейік, Қазақстандық Дархан Асаділов 67 келіге дейінгі салмақта мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты.

Ол алдымен түркиялық Салман Эраиді 6:2 есебімен, кейін әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевті 6:2 есебімен ұтты.

Топтағы үшінші кездесуде Асаділов жапониялық Наото Сагоны 3:0 есебімен жеңді. Топтағы соңғы кездесуде Дархан египеттік Әли Әл-Савиден айласын асырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1925710-tokio-2020-karatesi-darxan-asadilovtyn-zartylai-finaldagy-qarsylasy-anyqtaldy/