Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада-2020: Каратеші Мөлдір Жаңбырбай әлем чемпионатының қола жүлдегерінен жеңілді

Опубликовано:

Каратэші
Фото: Olympic.kz

Токио Олимпиадасын жеңіспен бастаған қазақстандық каратеші Мөлдір Жаңбырбай екінші кездесуде әлем чемпионатының қола жүлдегерінен жеңілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ттілшісі.

Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Мөлдір Жаңбырбай В тобында өнер көрсетіп жатыр.

Отандасымыз бірінші кездесуде мысырлық Радва Сайедті 7:2 есебімен жеңген болатын. Алайда екінші кездесуде ол 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері австриялық Беттина Планкке есе жіберді.

Енді Мөлдір келесі кездесуін украиналық Анжелика Терлюга қарсы өткізеді.

Айта кетейік, каратеден сынға түсіп жатқан тағы бір отандасымыз Дархан Асаділов 67 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты.

Ол алдымен түркиялық Салман Эраиді 6:2 есебімен, кейін әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевті 6:2 есебімен жеңді.

А тобындағы үшінші кездесуде Асаділов жапониялық Наото Сагоны 3:0 есебімен жеңсе, соңғы кездесуде мысырлық Әли Әл-Савиден айласын асырды.

Осылайша, барлық қарсыластарынан басым түскен Дархан Асаділов өз тобында бірінші болды. 

Енді жартылай финалда Дархан В тобының көшбасшысы, франциялық Стивен да Костамен кездеседі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1925717-karatesi-moldir-zanbyrbai-olimpiada-oiyndaryn-zenispen-bastady/

pixel