Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Данияр Қайсанов екі дүркін әлем чемпионынан таза ұтылды

Опубликовано:

Данияр Қайсанов
Данияр Қайсанов: olympic.kz, Жеңіс Ысқабай

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер аяқталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл салмақта Қазақстан намысын Данияр Қайсанов қорғаған болатын. Жартылай финалда Данияр ресейлік спортшы, екі дүркін әлем чемпионы Заурбек Сидаковпен кездесті.

Өкінішке қарай, аталған кездесуде Данияр азулы қарсыласына сес көрсете алған жоқ. Бірінші кезеңде Қайсановты әбден бақылаған Заурбек екінші кезеңде іске көшіп, 11:0 есебімен жеңіске жетті.

Данияр Қайсанов еркін күрестегі ең беделді салмақ саналатын 74 келіде Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.

Айта кетелік, бүгін Даниярдан бөлек, Нұрислам Санаев кілемге шығады. Ол 57 келіге дейінгі салмақта Олимпиаданың қоласы үшін күреседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925743-tokio-2020-daniyar-qaisanov-eki-durkin-alem-cempionynan-taza-utyldy/

pixel