RU

Каратеші Дархан Асаділов Қазақстанға Токио Олимпиадасының жетінші қола медалін сыйлады

Каратэ
Фото: olympic.kz

Каратеші Дархан Асаділов Қазақстан қоржынына жетінші қола жүлдені салды. Отандасымыз жартылай финалда франциялық спортшыға есе жіберді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақтық сынға берілетін жолдама үшін жекпе-жекте отандасымыз Еуропаның үш дүркін жеңімпазы және әлем чемпионымен кездесті.

Франция өкілі Стивен де Коста Дархан Асаділовті 5:2 есебімен жеңді.

Еске сала кетсек, отандасымыз А тобынан бірінші орынмен шыққан болатын.

Ол алдымен түркиялық Салман Эраиді 6:2 есебімен, кейін әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевті 6:2 есебімен жеңді.

Үшінші кездесуде Асаділов жапониялық Наото Сагоны 3:0 есебімен жеңсе, соңғы кездесуде мысырлық Әли Әл-Савиден айласын асырды.

Айта кетейік, Дархан каратеден Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері.

Осылайша бүгін ел қоржыны тағы бір қола медальмен толықты.

Айта кетейік, бұған дейін боксшы Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев еркін күрестен Қазақстанға қола медаль сыйлаған еді. Сонымен ел қоржынында қазір 7 қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1925770-tokio-2020-karatesi-darxan-asadilov-qazaqstan-qorzynyna-zetinsi-qolany-saldy/