Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын алмағаным үшін күйіндім": Дархан Асаділов тұғырда не үшін жылағанын айтты

Опубликовано:

Дархан Асаділов
Дархан Асаділов: olympic.kz, Владислав Семенов

Каратэден Олимпиада ойындарында жүлде алған тұңғыш қазақ баласы Дархан Асаділов турнир аяқталған соң арнайы сұхбат беріп, чемпион атансам деген арманы орындалмағанын айтты. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайты хабарлады.

"Олимпиадаға 100 пайыз дайын болып келдім. Шыны керек, тек алтын үшін келгенмін. Кішігірім жарақаттарыма қарамастан, чемпион боламын деген мақсат тұрды. Елге алтын керек еді. Сол үшін еңбенген едім. Бірақ жартылай финалда қателіктерге бой алдырдым. Қарсыласым барлық тактикамды бұзып жіберді.

Олимпиададаға 60 және 67 келі салмақ дәрежесі біріктірілген. Мен 60 келіде, Стивен де Коста 67 келіде сынға түскен бүгінге дейін. Сондықтан, онымен Олимпиадаға дейін бірде бір рет кездеспегенбіз. Бойының ұзындығы да бар екен.

Бізге қола медаль екен бұйырғаны. Бірақ іште әттеген-ай бар. Жеңіс тұғырында тұрғанда көзіме жас келді. Алтын алмағаным үшін күйіндім. Сол өкініштен келген жас шығар.

Елге оралған соң жарақаттарымды емдеймін. Алда әлі Азия және әлемдік деңгейдегі жарыстар бар. Мансабымды аяқтау туралы нақты шешімге келген жоқпын. Бірақ талантты жастар бой көтерсе, орнымды босатуға дайынмын.

Артымнан ерген жастарға айтарым - ел үшін аянбаңдар. Ел намысы үшін ең соңына дейін күресіңдер", - деді Асаділов.

Каратэ Олимпиада ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет енгізіліп отыр. Спорттың бұл түрінен Қазақстан командасы бес жолдама жеңіп алды. Бүгін Мөлдір Жаңбырбай 55 келіге дейінгі салмақта іріктеуден өте алмаса, Дархан Асаділов қола жүлдегер атанды.

Қола
Фото: Olympic.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1925805-altyn-almaganym-usin-kuiindim-darxan-asadilov-tugyrda-ne-usin-zylaganyn-aitty/

pixel