Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балуан Дәулет Ниязбеков Токиода өтіп жатқан Олимпиаданың ширек финалына шықты

Опубликовано:

Дәулет Ниязбеков4
Дәулет Ниязбеков пен Алехандро Вальдес белдесуі. Фото: olympickz/Жеңіс Ысқабай

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз 1/8 финалында әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, 2019 жылғы Панамерикалық ойындардың жеңімпазы кубалық Алехандро Вальдеспен кездесті.

Бастапқы Дәулет Ниязбеков белдесуді өте сылбыр бастап, қарсыласы бірнеше ұпаймен алға шықты.

Алайда отандасымыз екінші кезеңде намысты қолдан бермей, Алехандро Вальдестен жеңісті жұлып алды. Есеп 21:11.

Енді жартылай финалға шығу үшін ол әзірбайжандық балуан Гаджи Алиевпен кездеседі.

Ал 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Әлішер Ерғали ширек финалға белдесусіз шықты. Оның қарсыласы алжирлік Мохаммед Фардж белгісіз себептермен бозкілемге шығудан бас тартты.

Айта кетейік, бүгін 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Данияр Қайсанов қола медаль үшін өзбестандық балуан Бекзод Абдурахмоновпен күреседі.

Отандасымыз жартылай финалда ресейлік балуан, екі дүркін әлем чемпионы Заурбек Сидаковтан жеңілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925840-daulet-niyazbekov-tokioda-otip-zatqan-olimpiadanyn-sirek-finalyna-syqty/

pixel