RU

Балуан Дәулет Ниязбеков та жартылай финалға шыға алмады

Балуан
Фото: olympic.kz

Балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыға алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дәулет ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы әзірбайжандық Хаджи Әлиевтен 1:9 есебімен жеңілді.

Отандасымыз 1/8 финалда кубалық Алехандро Вальдестен айласын асырған еді.

Одан бөлек, 97 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен тағы бір балуанымыз Әлішер Ерғали де жартылай финалға шыға алмады. Ол ширек финалда қазіргі Еуропа чемпионы түркиялық балуан Сүлейман Караденизден жеңілді.

Сонымен қатар, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Валентина Исламова да жеңіліс тапты.

Ол жарыстың бірінші айналымында эквадорлық Лусии Ямили Йепес Гусманимен кездесті. Белдесу 6:9 есебімен эквадорлық балуанның пайдасына шешілді.

Еске сала кетейік, бүгін 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Данияр Қайсанов қола медаль үшін өзбестандық балуан Бекзод Абдурахмоновпен күреседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1925866-baluan-daulet-niyazbekov-ta-zartylai-finalga-syga-almady/