RU

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Токио Олимпиадасын сәтті бастады

Нұрқанат Ажықанов пен Яхиро Цунэари
Нұрқанат Ажықанов пен Яхиро Цунэари. Фото: Harry How/Getty Images

Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Токиодағы Олимпиада турнирін жеңіспен бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Австралия өкілі Яхиро Цунэариден 6:3 есебімен басым түсті. Келесі жекпе-жекті Әжіқанов германиялық Ноа Битчке қарсы өткізеді.

Айта кетерлігі, каратэ Олимпиада ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет енгізіліп отыр. Спорттың бұл түрінен Қазақстан командасы бес жолдама жеңіп алды.

Еске салсақ, каратеші Дархан Асаділов Қазақстан қоржынына жетінші қола жүлде салған еді.

Ақтық сынға берілетін жолдама үшін жекпе-жекте отандасымыз Еуропаның үш дүркін жеңімпазы және әлем чемпионымен кездесті. Отандасымыз жартылай финалда франциялық спортшыға есе жіберген болатын.

Оған қоса, Дархан Асаділов турнир аяқталған соң арнайы сұхбат беріп, чемпион атансам деген арманы орындалмағанын айтты.

"Олимпиадаға 100 пайыз дайын болып келдім. Шыны керек, тек алтын үшін келгенмін. Кішігірім жарақаттарыма қарамастан, чемпион боламын деген мақсат тұрды. Елге алтын керек еді. Сол үшін еңбенген едім. Бірақ жартылай финалда қателіктерге бой алдырдым. Қарсыласым барлық тактикамды бұзып жіберді.

...Бізге қола медаль екен бұйырғаны. Бірақ іште әттеген-ай бар. Жеңіс тұғырында тұрғанда көзіме жас келді. Алтын алмағаным үшін күйіндім. Сол өкініштен келген жас шығар", – деді Асаділов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1925926-karatesi-nurqanat-aziqanov-tokio-olimpiadasyn-satti-bastady/