Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық клуб "Барсадан" кеткен Мессиге ұсыныс жасады

Опубликовано:

Мировая звезда футбола Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: Pool / Pool / Getty Images

Қазақстандық премьер-лиганың "Тұран" клубы Instagram-дағы ресми парақшасы арқылы "Барселона" сапынан кеткен аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге ұсыныс жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тұран" клубы өз құрамында Мессидің болғанын қалайтынын Instagram желісі арқылы білдірді. Отандық команда әйгілі аргентиналық футболшыны өз сапына өтуге шақырды.

"Құрметті Лионель Месси сізді түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға шақырамыз", - деп жазылған клуб хабарламасында.

Желі қолданушылары қазақстандық клубтың бұл жазбасын қызу талқылап, түрлі пікір білдірді.

Еске сала кетейік, кеше атақты аргентиналық аяқдопшы Лионель Мессидің каталондық "Барселонадан" кететіні расталды. Футболшыға бірқатар әлемдік клубтар қызығушылық танытуда. Олардың қатарында франциялық ПСЖ мен англиялық «Манчестер Сити» бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1925950-qazaqstandyq-klub-barsadan-ketken-messige-usynys-zasady/

pixel