Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрқанат Әжіқанов Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Опубликовано:

Нұрқанат Ажықанов
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Токио Олимпиадасында каратэден ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта іріктеу кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов өз тобынан шыға алмады деп жазады Olympic.kz.

Нұрқанат өз тобында Австралия, Италия спортшыларын жеңіп, Германия және Әзірбайжан каратэшілеріне есе жіберді.

Нәтижесінде, өз тобында төртінші орын алып, жартылай финалға өте алған жоқ.

Нұрқанат Ажықанов сынға түскен В тобында әзірбайжандық Рафаэль Агаев пен италиялық Луиджи Буса жартылай финалға жолдама алды.

Бұл 20 жастағы қазақстандық спортшы үшін жаман нәтиже емес. Ол өз тобында екі дүркін әлем чемпионы Луиджи Бусаны ұтып, әлемге әйгілі Рафаель Агаевтан бір ұпай айырмасымен ғана жеңілді.

Еске салсақ, каратеші Дархан Асаділов Қазақстан қоржынына жетінші қола жүлде салған еді.

Ақтық сынға берілетін жолдама үшін жекпе-жекте отандасымыз Еуропаның үш дүркін жеңімпазы және әлем чемпионымен кездесті. Отандасымыз жартылай финалда франциялық спортшыға есе жіберген болатын.

Оған қоса, Дархан Асаділов турнир аяқталған соң арнайы сұхбат беріп, чемпион атансам деген арманы орындалмағанын айтты.

"Олимпиадаға 100 пайыз дайын болып келдім. Шыны керек, тек алтын үшін келгенмін. Кішігірім жарақаттарыма қарамастан, чемпион боламын деген мақсат тұрды. Елге алтын керек еді. Сол үшін еңбенген едім. Бірақ жартылай финалда қателіктерге бой алдырдым. Қарсыласым барлық тактикамды бұзып жіберді.

...Бізге қола медаль екен бұйырғаны. Бірақ іште әттеген-ай бар. Жеңіс тұғырында тұрғанда көзіме жас келді. Алтын алмағаным үшін күйіндім. Сол өкініштен келген жас шығар", – деді Асаділов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1925978-nurqanat-azyqanov-olimpiadanyn-zartylai-finalyna-syga-almady/

pixel