Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Әлiшер Ерғали белдескен жекпе-жектің төрешілері жазаланды

Опубликовано:

Әлішер Ерғали11
Әлішер Ерғали Сулейман Карадениз белдесуі. Фото: olympickz/Жеңіс Ысқабай

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындары кезінде қазақстандық балуан Әлiшер Ерғали мен түркиялық балуан Сулейман Карадениздің белдесуінде қызмет еткен төрешілер жазаланды. Бұл туралы Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Нақтырақ айтсақ, кездесудің бас төрешісі Давор Петанйек (Хорватия) жарыстан шеттетілді. Ал қалған төрешілерге ескерту жасалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан күрес федерациясы аталмыш кездесудегi төрешілердiң әдiлетсiз шешiмiне шағымданған болатын", - дейді Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Токио Олимпидасында еркін күрестен 97 келіге дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әлішер Ерғали ширек финалда түрік балуаны Сулейман Караденизден 7:8 есебімен жеңілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1926014-tokio-2020-aliser-ergali-zenilgen-zekpe-zektin-toresileri-zazalandy/

pixel