RU

Олимпиада-2020: 7 тамызда кімдер жарыс жолына шығады

Олимпиада ойындары74
Фото: pixabay.com

7 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасында бес спорт түрінен сынға түседі деп хабарлайды Prosports.kz.

7 тамызда балуан Дәулет Ниязбеков жұбаныш жекпе-жегін өткізеді. Марафоншы Жанна Мамажанова финалда өнер көрсетеді.   

Одан бөлек, каратеші Данияр Юлдашев пен Софья Берульцева жарыс жолына шығады.

7 тамыздағы сайыстар кестесі, басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен.

Жеңіл атлетика. Марафон. Әйелдер. Финал 03:00. Жанна Мамажанова

Каратэ. Әйелдер, +61 келі. Іріктеу 11:00. Софья Берульцева

Каратэ. Ерлер, +75 келі. Іріктеу 11:00. Данияр Юлдашев

Заманауи бессайыс. Ерлер 11:42. Павел Ильяшенко

Велотрек. Кейрин. Ерлер. Іріктеу 12:48. Сергей Пономарев

Еркін күрес. Ерлер, 65 келі. Жұбаныш жекпе-жегі 15:45. Дәулет Ниязбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1926019-olimpiada-2020-7-tamyzda-kimder-zarys-zolyna-sygady/