Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каратеші Софья Берульцева Токиодағы екінші кездесуінде италиялық қарсыласын ойсырата ұтты

Опубликовано:

Софья
Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Софья Берульцева Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын жалғастыруда. Ол екінші кездесуінде италиялық қарсыласын ұтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан ол екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты. 

Айта кетерлігі, Софья Берульцева каратенің кумитэ санаты бойынша А тобында бақ сынауда. Топтық кезеңде оның қарсыластары Мельтем Ходжаоглу (Түркия), Сильвия Семераро (Италия), Ирина Зарецкая (Әзірбайжан) және Аюми Уэкуса (Япония). Топтық кезеңде үздік атанған екі спортшы жартылай финалға жолдама алады.

Қазақстандық Софья Берульцева топтық кезеңде екі кездесу өткізіп, біреуін тең есеппен, екіншісін жеңіспен аяқтады. 

Отандасымыздың келесі қарсыласы әлем және Еуропа ойындарының чемпионы Ирина Зарецкая (Әзірбайжан) болады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926047-karatesi-sofya-berulceva-tokiodagy-ekinsi-kezdesuinde-italiyalyq-qarsylasyn-oisyrata-utty/

pixel