Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каратеші Софья Берульцева ел қоржынына Олимпиаданың сегізінші қоласын салды

Опубликовано:

Софья Берульцева
Софья Берульцева. Фото: olympickz / Тұрар Қазаңғапов

Қазақстандық каратеші Софья Берульцева 61 келі салмақ дәрежесінде Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалда отандасымыз мысырлық Ферьял Абделазизге 4:5 есебімен есе жіберді. Осылайша, Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдесін алды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық каратеші топтық кезеңде әзірбайжандық Ирина Зарецкаяны, италиялық Сильвия Семерароны жеңген болатын. Сондай-ақ, жапониялық Аюми Уэкуседен жеңіліп, түркиялық Мельтем Ходжаоглумен тең түскен еді.

Еске сала кетсек, бұл Қазақстан қоржынына каратеден түскен екінші қола медаль. Бұған дейін Олимпиада-2020 ойындарында отандасымыз Дархан Асаділов те ел мерейін үстем еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926077-tokio-2020-karatesi-sofya-berulceva-olimpiadanyn-segizinsi-qolasyn-aldy/

pixel