Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қола дәуіріндегі Қазақстан": Ел қоржынына 8 медаль салған спортшылар кімдер

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Ертең, 8 тамызда Токиода өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Әлем елдері қатысқан жарыста Қазақстан 8 қола медаль еншіледі деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Токио төрінде алғашқы медальді 24 шілдеде Қазақстан қоржынына дзюдошы Елдос Сметов салды.

60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан Нидерланд елінің спортшысы Торнике Цакаджоені ұтты. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, қосымша уақытта Сметовтің жасаған әдісі есепке алынды.

Дзюдоист Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: Photo by FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

25 шілде күні жарыс жолына ауыр атлеттер шықты. Дәл сол күні 61 келіге дейінгі салмақтағы зілтеміршіміз Игорь Сон қола жүлде жеңіп алды.

Игорь жұлқа көтеруде 131 келіні, серпе көтеруде 163 келіні көтерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлет 394 келіні көрсетті.

Игорь Сон
Игорь Сон. Фото: olympic.kz

Ал 26 шілде күні 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен зілтемірші Зүлфия Чиншанло елімізге тағы бір қола медаль сыйлады. Чиншанло қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды.

Зульфия Чиншанло
Зульфия Чиншанло. Фото: Twitter.com/olympic_kz

4 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, аса ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда америкалық боксшы Ричард Торрезбен жұдырықтасты.

Аса тартысты өткен жекпе-жекте отандасымыз жеңіліп, Олимпиаданың қола медалін місе тұтты.

Бокс
Фото: Olympic.kz

Сондай-ақ, 52 келі салмақта Қазақстан намысын қорғаған боксшы Сәкен Бибосынов жартылай финалда Ұлыбритания өкілі Джалал Яфаимен кездесті.

Жекпе-жек төрешілер шешімімен ұлыбританиялықтың пайдасына шешілді. Осылайша, Бибосынов Олимпиаданың қола медалін алды.

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: t.me/olympickz

Одан бөлек, 5 тамыз күні еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Нұрислам Санаевта қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық балуан қола медальға таласта Болгария өкілі Георгий Вангеловпен белдесті. Жекпе-жек Санаевтың басымдығымен өтіп, ол 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Нұрислам Санаев балуан11
Фото: olympickz, Сали Сабиров, Жеңіс Ысқабай

Сонымен бірге, 5 тамыз күні каратеші Дархан Асаділов Қазақстан қоржынына жетінші қола жүлдені салды. Отандасымыз жартылай финалда франциялық спортшы Стивен де Костаға есе жіберді.

Каратэ
Фото: olympic.kz

Ал бүгін, 7 тамызда Қазақстан қоржынына каратеші Софья Берульцева соңғы, сегізінші қола медальді салды. Жартылай финалда отандасымыз мысырлық Ферьял Абделазизден 4:5 есебімен жеңілді.

Софья
Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Осылайша, Қазақстан құрамасы Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарын 8 қола медальмен қортындылады.

Жалпы командалық есепте еліміз 83-орынға тұрақтады. Ал үздік үштікке АҚШ, Қытай және Жапония енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926079-olimpiada-2020-qazaqstanga-8-qola-syilagan-sportsylar-kimder/

pixel