Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лионель Месси "Барселонадағы" баспасөз мәслихатында көз жасына ерік берді

Опубликовано:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: Marc Gonzalez Aloma/Europa Press via Getty Images

Бүгін "Камп Ноу" стадионында шабуылшы Лионель Мессидің "Барселонадан" кетуіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында аргентиналық футболшы көз жасына ерік берді деп хабарлайды Sports.ru.

"Қайырлы күн. Мен сөйлей алар-алмасым өзіме де белгісіз болып тұр. Соңғы бірнеше күн бойы мен осы мінберде тұрып не айтуға болатынын ойландым. Мелшиіп қалғаным рас, әлі күнге дейін есімді жия алмай жүрмін.

Клубтағы қанша жылдар бойы бірге жүрген жолдан шығып қалған өте қиын. Мен мұндайға дайын емес едім.

Бюрофакспен болған оқиғаның бәрі артта қалды. Бірақ мен биыл кеткім келмеді. Біз менің осында қалатыныма сенімді болдық. Бұл менің үйім. Мен бәрінен бұрын осыны қалап едім.

Біз әрқашан өзіміздің әл-ауқатымызға көңіл бөлетінбіз, мен бұл жерді өзімнің үйім деп сезіндім. Барселонадағы өмірден ләззат алдым. Барлығы керемет болды", – деді аргентиналық.

Еске сала кетейік, "Барселонаның" ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, клуб Мессимен жаңа келісімшарт бойынша келісімге келген, алайда Ла Лига ережелері келісімді ратификациялауға мүмкіндік бермеген болатын.

Айта кетейік, Мессидің "Барселонамен" соңғы келісімшарты 30 маусымда аяқталды және ол мансабында бірінші рет еркін агент атанған еді.

Сұрмерген мансабын тек каталониялық клуб сапында өткізді. Өткен маусымда шабуылшы Испания чемпионатында 35 матчқа қатысып, 30 гол соқты.

"Барселонамен" бірге Лео 34 кубокты жеңіп алғаны белгілі. Оның ішінде 10 рет Испания біріншілігін және төрт мәрте Чемпиондар Лигасын ұтты.

Сонымен қатар, Месси "Алтын допты" алты рет жеңіп алған футбол тарихындағы жалғыз ойыншы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1926124-lionel-messi-barselonadagy-baspasoz-maslixatynda-koz-zasyn-kol-qyldy-video/

pixel