RU

Финалда талып қалған ирандық есін жинағанда Олимпиада чемпионы атанғанын білді

Токио-2020
Фото: Carl Court/Getty Images

Ирандық каратэші Саджад Ганджзаде Олимпиаданың финалында нокаунт алып, есін жинағанда чемпион атанғанын білді деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақта сынған түскен спортшының финалдағы қарсыласы Сауд Арабиясының өкілі Тарек Хамеди болды.

Жекпе-жек 4-1 есебімен аяқталды.

Сонымен қатар, Хамедидің ирандықты нокаутқа түсіргені белгілі.

Талып қалған Саджад Ганджзадені қызметкерлер оттегі маскасын кигізіп, зембілмен татамиден алып кеткен.

Алайда, жеңіс соңында Сауд Арабиясының спортшысына емес ирандық каратэшіге берілген.

Себебі, төрешілердің пікірінше, Хамеди қарсыласына тыйым салынған соққы дарытқан.

Осылайша, есінен танып, зембілде жатқан Саджад Ганджзаде Токио Олимпидасының чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1926159-finalda-talyp-qalgan-irandyq-esin-zinaganda-tokio-olimpiadasynyn-cempiony-atanganyn-bildi/