Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанкүйерлер Токио Олимпиадасының жүлдегерлерін сән-салтанатпен қарсы алды (фото)

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов1
Жанкүйерлер боксшы Сәкен Бибосыновты көкке көтеруде. Фото: olympickz/Тұрар Қазаңғапов

Бүгін Токио Олимпиадасында жүлдегер атанған спортшылардың екінші бөлігі елге оралды. Олимпиада жүлдегерлерін әуежайдан жанкүйерлер мен жақын туыстары, сондай-ақ, дос-жарандары қарсы алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін елге оралған спортшылар қатарында Олимпиаданың қола жүлдегерлері, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев және каратэшілер Софья Берульцева мен Дархан Асаділов бар. 

Қамшыбек Қоңқабаев
Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Айта кетсек, бұған дейін жанкүйерлер Олимпиаданың тағы бір қола жүлдегері дзюдошы Елдос Сметовті, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон әуежайдан сән-салтанатпен күтіп алған еді.

Дархан Асаділов
Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Еске сала кетсек, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындары 8 тамыз күні өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 8 қола медальмен 83-орынға тұрақтады.

Енді келесі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Франция астанасы Парижде өтеді.

жанкүйерлер1
Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Сәкен
Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Токио медаль11
Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926334-zankuierler-tokio-olimpiadasynyn-zuldegerlerin-san-saltanatpen-kutip-aldy-foto/

pixel