RU

Нұрлан Сабуров Калифорнияда Геннадий Головкинмен кездесті (фото)

былғары
Фото: ali_akhmedov_officialpage/Instagram

Әйгілі әзілкеш Нұрлан Сабуров Калифорнияда қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин және Али Ахмедовпен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал тұлғалардың фотосын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Али Ахмедов жүктеп, "бүгін жаттығу тамаша болды" деген жазба қалдырды.

Кадрдан Сабуров пен Головкиннің 26 тамыз күні Коста-Месадағы шоуда (Калифорния штаты) жекпе-жекке шығатын Али Ахмедовтың жаттығуын көруге келгенін аңғару қиын емес.

Еске сала кетейік, отандық былғары қолғап шебері Геннадийдің промоутерлік компаниясы - GGG Promotions демеушілігімен өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, Алимен бірге інісі Роман Ахмедовтың жаттығу жұмыстарын жасап жүргені суретте көрініп тұр.

Еске сала кетейік, осыған дейін BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялап еді.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік бестіктегі орнын сақтап қалған. BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингі келесідегідей:

1. Сауль Альварес (Мексика);

2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

4. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);

5. Геннадий Головкин (Қазақстан);

6. Эррол Спенс-кіші(АҚШ);

7. Деонтей Уайлдер (АҚШ);

8. Теофимо Лопес (АҚШ);

9. Джермалл Чарло (АҚШ).

10. Сергей Ковалев (Ресей).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1926500-nurlan-saburov-gennadii-golovkinmen-kaliforniyada-kezdesti-foto/