Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттіктер Токиодо қола жүлде алған қос каратешіге су жаңа көлік мінгізді (фото)

Опубликовано:

Дархан Асаділов
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов. Фото: NUR.KZ

Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері - қос каратеші Дархан Асаділов пен Софья Берульцеваны жерлестері әуежайдан күтіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болған каратешілерді күтіп алуға қала әкімі Мұрат Әйтенов те арнайы келді. Оларды жүлдесімен құттықтаған шаһар басшысы демеушілер есебінен алынған су жаңа қос тұлпар кілтін барша тұрғындар атынан спортшыларға салтанатты түрде табыстады.

Софья Берульцева
Софья Берульцева. Фото: NUR.KZ

"Қазақстан Олимпиада ойындарында 8 медальға ие болса, оның екеуіне шымкенттік спортшылар қол жеткізді. Біздің қала үшін бұл - үлкен нәтиже. Және де бір ғана спорттың түрінен екі қола алу - каратэнің қаншалықты дамығанын көрсетеді. Бұл қос қола біз үшін алтынмен тең", - деді спортшыларды күтіп алуға жиналғандар.

Софья Берульцева
Фото: NUR.KZ

Спортшы Дархан Асаділовтің ата-анасы ұлдарының бұл жүлдесі талай жылғы еңбектің нәтижесі екенін айтады. Алайда олар каратешінің жартылай финалдағы ойынын көрмепті, тек іштей тілеулес болып, тақым қысып отырғанын жеткізді.

"Жүлде алды дегенді туыстардан естідік. Содан бері телефонға тыным болмады. Бәрі ұлымыздың қуанышын ортақтасып, құттықтап жатты. Шыны керек, Дархан 5 жасынан бастап каратэмен айналысты. Қаншама жылдар бойы жаттығу залынан шықпай еңбектенді. Арманы Олимпиада ойындарына қатысу болатын. Шүкір, ұлым ол арманына да жетті және жүлдемен оралды. Еңбегінің жемісін көріп отырғанына қатты қуанып тұрмын", - деді спортшының анасы.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Шымкент атынан 10 спортшы қатысқан еді.

Көліктер
Фото: NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926549-tokido-qola-zulde-algan-qos-karatesige-zerlesteri-su-zana-kolik-mingizdi-foto/

pixel