Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық зілтемірші Майя Манеза екінші сәбиін өмірге әкелді

Опубликовано:

Майя Манеза
Фото: facebook.com/mayamaneza

Қазақстандық спортшы Майя Манеза мен бұрынғы зілтемірші Вячеслав Ершовтың отбасында екінші сәби дүниеге келді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуанышты жаңалықты Майя Манеза өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Достарым, менің отбасымда өте маңызды, жантебірентерлік әрі бақытты күн! Біз, менің сүйікті күйеуім Вячеслав екеуіміз кішкентай сәбидің ата-анасы атандық", - деп жазды Манеза.

Оның сөзінше, қыз балаға Алина деген есім берген. Нәрестенің салмағы 4 келі, бойы 54 см болып өмірге келген.

Айта кетейік, Ершов пен Манезаның Арсений есімді ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926558-qazaqstandyq-ziltemirsi-maiya-maneza-ekinsi-sabiin-omirge-akeldi/

pixel