Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020 Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан қанша спортшы барады

Опубликовано:

Токио Олимпиадасы11
Фото: instagram.com/olympics

Токио 2020 паралимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының 25 спортшысы аттанады деп хабарлайды 31 арна.

24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токио 2020 паралимпиада ойындары өтеді.

Қазіргі уақытта еліміздің пара-спортшылары Токиоға соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Айта кетейік, күншығыс еліндегі байрақты бәсеке Қазақстандық спортшылар қатысатын алтыншы Паралимпиада ойындары.

25 спортшылардың спорттың жеті түрі бойынша ел намысын қорғайтыны белгілі болды.

Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Паралимпиадалық ойындарға 20-дан астам спортшыны жіберіп отыр. Пара-спортшылары биыл каноэде жүзу және оқ ату сияқты спорт түрлерінен де бірінші рет жолдама жеңіп алды.

Ел спортшылары жүзу бойынша жеті лицензия, дзюдодан - алты, пауэрлифтерлер - бес, таэквондошылар - үш және жеңіл атлеттер екі лицензия ұтып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926574-tokio-2020-paralimpiada-oiyndaryna-qazaqstan-quramasynyn-qansa-sportsysy-baratyny-belgili-boldy/

pixel