Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илья Ильин Қамшыбек Қоңқабаевты құшақ жая қарсы алып, қола медалімен құттықтады (видео)

Опубликовано:

Илья Ильин Қамшыбек
Видеодан кадр: instagram.com/ilyailyinforever

Белгілі қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Токиодан оралған боксшы Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесіп, оны Олимпиада ойындарында алған қола жүлдесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қамшыбек Қоңқабаевты құшағыма алып, Токи Олимпиадасының медалін ұстап көретін сәтті көптен бері күтіп едім.

Бұл - барша қазақстандықтардың медалі!

Қамшыбек жарайсың! Сен үшін қуаныштымын және жерлес екенімізді мақтан тұтамын", - деп жазды Илья Ильин Instagram парақшасында.

Видеоны көрген желі қолданушылары бұл бейнежазбаға тек сүйсініп қарауға болатынын, Илья Ильиннің қарапайым адам екенін жарыса жазуда.

"Қазақтың екі батыры", " Илья, мықты жігітсің, ақ көңіл, жүрегі кең!", "Илья пейілін, жүрегің кең ғой", "Сендермен мақтанамыз", "Илья-сен біз үшін чемпион болып қала бересін", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Еске сала кетсек, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының жартылай финалында америкалық боксшы Ричард Торрезге есе жіберіп, қола жүлдегер атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926954-qamsybek/

pixel