Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атырау" ФК легионерлерінің жалақысы қанша

Опубликовано:

Футбол
Көрнекі фото: pixabay.com

"Атырау" футбол клубына жуырда жаңа легионерлер қосылды. Осы орайда Астана арнасы футболшылардың айына қанша жалақы алатынын анықтаған.

Телеарнаның мәліметінше, "Атырау" футбол клубына жақында қосылған жаңа легионерлердің қатарында 26 жастағы бразилиялық шабуылшы Аллеф, 24 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Лаззар Сайчич және 25 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Соломон Удо да бар.

"Атырау облыстық футбол клубы" ЖШС директорының орынбасары Ұзақ Тұсаевтың айтуынша, жыл соңына дейін келісімшартқа отырған футболшылардың айлық жалақысы 2 миллион теңгеден аспайды.

"Соңғы келген екі легионер бойынша келісімшарт 4 айға жасалынған. Еңбекақысы 2 млн теңгеден аспайды. Қолға алатыны басқа сумма. Одан үкіметтің ұстайтын салықтары бар. Ұсталынғаннан кейін 2 млн емес, 1 млн 600 мың теңге алады", - дейді ол.

Командадағы 25 ойыншының сегізі легионер. Біреуі – Ресей футболшысы, тағы үшеуі елдегі өзге клубтардан ауысқан. Қалғаны - жергілікті аяқдопшылар. Оларға 400 мың мен екі миллион теңге аралығынд жалақы төленеді екен.

Клуб басшылығы соңғы жылдары қаржыландыру едәуір қысқарғанын айтып отыр.

"Өздеріңіз білесіздер. Заң қабылданды. Футболшылар екі миллионнан артық алмауы керек. Егер біз одан көп төлегіміз келсе де, ол заң бұзған боп саналады. Бізді әкімдік қаржыландырады. Биылғы 1 ақпанда шыққан заңға сәйкес жалақыны 2 миллион теңгеден асыруға болмайды. Біз команданың алдына еврокубокка қатысу талабын қоямыз. Сол үшін осы екі легионер шақырылды. Командаға көмектесу үшін", - дейді "Атырау облыстық футбол клубы" ЖШС спорт директоры Нұртаза әбілханов.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында әзірге жетінші орынға табан тіреген атыраулықтардың ендігі межесі – үздік ойынмен алға шығып, Европа лигасында өнер көрсету. Алда 7 ойын қалды. Оның 3-еуін өз алаңында өткізеді.

Б. Надірқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1926955-atyrau-fk-legionerlerdin-zalaqysy-qansa/

pixel