Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есен Елеукен Олимпиада жайлы: Бұл бізге үлкен сабақ болды

Опубликовано:

Есен Елеукен
Есен Елеукен. Кадр: YouTube/ Timur Balymbetov

"Жайдарман" ойындарының жүргізушісі, Қазақстан әуесқой футбол лигасының амбассадоры, спорт жанкүйері Есен Елеукен Токио Олимпиадасына қатысты BAQ.KZ-ке сұқбат беріп, пікір білдірді.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін бұл Олимпиада үлкен сабақ болған.

"Егер бір алтын, бір қола алсақ, осыған шүкір дейтін едік. Меніңше күмістің де болмағаны дұрыс болды. Бұл бізге үлкен сабақ болды", - дейді ол.

Сонымен қатар, Есен Елеукен төрешілер жұмысына да өз бағасын берді.

"Бұл мәселеге келгенде екіжақты қарау керек. Мен Токио Олимпиадасындағы төрешілердің нәтижелерімен келісемін. Боксты айтар болсақ, AIBA ережелерінен қарағанда нақты әрі мінезді боксшыларға мүмкіндік берілді. Сол себепті біржақты қарауға болмайды", - дейді спорт жанкүйері.

Есен Елеукеннің сөзінше, Олимпиадашылардың спортқа деген көзқарасына өзгеріс керек.

"Көптеген дамыған елдер Олимпиада алдында спортшыларына үлкен міндет қоймайды. Барлығы өзі үшін қатысады. Есеп беру немесе рейтингті қуалап жүрмейді. Спортта жеке түйіндемелерінде мәнді із қалдыру мақсатында жүреді. Сол себепті бізге де мотивацияны өзгерту керек", - дейді ол.

Айта кетейік, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапония астанасы Токио қаласында өтті. Қазақстан 8 қола медальмен жалпы командалық есепте 83-орынға тұрақтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926962-esen-eleuken-olimpiada-zaily-bul-bizge-ulken-sabaq-boldy/

pixel