Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдер күресі федерациясының вице-президенті отставкаға кетуге дайын ба: Гюзель Манюрова жауап берді

Опубликовано:

Гюзель Манюрова
Гюзель Манюрова. Фото: prosports.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде Токиодағы Олимпиада ойындарын қорытындылауға арналған онлайн-брифинг өтті. Оның барысында Қазақстан әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гюзель Манюрова отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұрынғы спортшы чемпион тәрбиелеуге ниетті адамға өз орнын беруге дайын екенін мәлімдеді.

"Егер төрт олимпиадалық кезеңнен өтіп, күресті менен де жақсы түсінетін, күреске менен де қатты жанкүйер болатын және тәулік бойы күреспен айналысатын адам табылса, өз орнымды босатып беремін. Мен расыменде олимпиада чемпионын тәрбиелей алатын іспен дәлелдеген адамға өз орнымды беремін", - дейді Гюзель Манюрова.

Айта кетейік, Токиода өткен ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 8 қола медаль еншілеген еді. Жүлдеге іліккендер қатарында әйелдер күресінің өкілдері жоқ.

Ал жалпы командалық есепте еліміз 83-орынға жайғасты.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпида жүлдегерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1927125-aielder-kuresi-federaciyasynyn-vice-prezidenti-otstavkaga-ketuge-daiyn-ba-gyuzel-manyurova-zauap-berdi/

pixel